«ОӨАЖҚЖ» құтқарушылары Арай – Sunrise жазғы лагерінде

«ОӨАЖҚЖ» құтқарушылары Арай – Sunrise жазғы лагеріндеЖазғы лагерь - ойындар мен мерекелерге толы бейғам демалыс уақыты. Лагерьде демалушы балалар өз ауысымы кезінде ұйымдастырылатын іс-шараларды ерекше қызығушылықпен күтеді. Осыған орай, 2017 жылдың 13 маусымында Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті және ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» қызметкерлерімен бірлесіп «Арай – Sunrise» жазғы лагерінде ауқымды үгіт-насихат шарасын өткізді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – балалардың судағы қауіпсіздік туралы білімдерін жетілдіру, өрт қауіпсіздігі туралы мағлұмат беру, төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпті жағдайға тап болғанда дұрыс әрекет етуге және басқаларға көмек көрсетуге баулу болып табылады. Құтқарушылар құтқару қызметінің «112» телефон нөмірін демалушылардың естеріне салды. Жасақ құтқарушылары өз қызметінің ерекшеліктері жайлы айтып берді. Сонымен қатар, сүңгу жабдықтарын көрсетіп, қандай жағдайға арналған және қолдану тәсілдерімен егжей – тегжейлі таныстырды. Балалардың ерекше назарына акваланг құралы ие болды. Қалаған оқушы жабдықтармен жақынырақ танысып, қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Жасақ құтқарушылары судағы қауіпсіздік ережелері туралы ескерту үнпарақшаларын таратты.
Балалар оқыту процесіне бар ынтасымен қатысты. Лагерь ұжымы мен оқушылар үшін бұл іс-шара жаңалықтармен танымды ақпаратқа толы болды.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 маусым 2017 г. 444 0