Қызылорда облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары тағайындалды

Қызылорда облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары тағайындалдыҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қызылорда облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары лауазымына полиция полковнигі Төлебаев Ғани Өтепұлы тағайындалды.
Төлебаев Ғани Өтепұлы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1993 жылы бастаған. 2000 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің академиясын тәмамдаған.
Әр жылдары жедел қызметтерде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Соңғы лауазымы – Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 маусым 2017 г. 581 0