Несие алып шаруаларын дұрыстады

Несие алып шаруаларын дұрыстады  Қармақшы. Қармақшы ауданында "Арнұр Кредит" Микрокредиттік ұйым" ЖШС-імен ауыл шаруашылығы саласында мал басын көбейту, кәсіпкерлік саласында сауда айналымын кеңейту мақсатында несиелер беріліп отыр. Бүгінгі күнге дейін 65 адамға 40 млн теңгеге жуық несие берілді. 
  Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, несие ұйымынан қаражат алып, өз кәсібін жетілдірушілер аз емес. Солардың бірі Төретам кентінің тұрғыны Д. Есмағамбетова 2 млн теңге көлеміндегі несиеге кент ішінде 3 сауда нүктесін ашып отыр. Ал Қармақшы ауылындағы Д.Қашақов 500 мың теңге несие алудың арқасында қорасындағы 2 сиырын 10-ға жеткізді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қаңтар 2014 г. 963 0