Қазалыда "Сыбағаның" пайдасын көргендер артып келеді

Қазалыда "Сыбағаның" пайдасын көргендер артып келеді   Қазалы. Ауданда «Сыбаға» бағдарламасының тиімділігін пайдаланып, мал басын көбейткендер қатары артып келеді. Өткен жылдың өзінде шаруа қожалықтары 232 бас аналық сиыр, 19 бас асыл тұқымды бұқа сатып алған. 

  «Соңғы үш жылда ірілі-ұсақты 25 шаруа қожалығы 150 миллион теңге несие алып, 898 бас сиырды өрістеткен. Солардың бірі - Басықара ауылының тұрғыны Қайрат Асан. Ол «Асан Қайрат» атты шаруа қожалығын құрып, 4 миллион теңге несиеге 2 бас асыл тұқымды бұқа және 18 бас аналық сиыр сатып алды. Бүгінде мал басын көбейтуге жұмыс жасауда» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қаңтар 2014 г. 933 0