Ұлттық мәдениет дәріптелді

Ұлттық мәдениет дәріптелдіЖалағаш ауданындағы «Ақтерек» сауықтыру лагерінде «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы және партия филиалына қарасты «Дарын», «Мәдени мұра» бастауыш партия ұйымдарының ұйымдастыруымен «Ұлы дала қазынасы», «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобалары аясында «Ұлттық құндылықтарымызды үлгі етейік» тақырыбындағы бүкілреспубликалық акциясы өтті.
Акцияның негізгі мақсаты – балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, мәдениетіміздің бірден-бір бөлшегі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып турасында ой бөлісу, ер балалар мен қыз балалар тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, жастарға ұлттық құндылықтардың ең маңыздысы ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың мән-мағынасын ұғындырып, кеңінен насихаттау. Акцияны «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева ашып, бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адами құндылықтар, рухани мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу керектігін баса айтты.
Іс-шара барысында ұлттық нақыштағы спорттық ойындардан көңілді старт ойын түрлерінен жарыстар (асық ату, бес асық, жәмиі ләңгі ойындары), «Этно ауыл» көрмесі, «Дәстүр мен дін сабақтастығы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтсе, Еңбек, Ақарық ауылдарынан келген «Асыл әжелер», «Батыр аналар» ансамблінің ақ жаулықты әжелері жазғы тынығу лагеріндегі қыз балаларға күбі шайқау, келі түю, диірмен тарту, ши тоқу, құрт жаю, қамыр жаю секілді ұлттық болмысымызды, қазақилығымызды айқындайтын, қыз бала тәрбиесіндегі маңызы зор бірқатар игіліктерді көрсетіп қана қоймай, санасына сіңіріп, қолмен жасатып көрсетті. Ұлттық мәдениет дәріптелдіҰлттық мәдениет дәріптелді
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 маусым 2017 г. 718 0