Сырдариялық оқушылар ЭКСПО-да саяхаттап жүр

Сырдариялық оқушылар ЭКСПО-да саяхаттап жүрӘлем назарын аударған ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін тамашалауға Сырдария ауданы оқушыларының алғашқы легі аттанды. Тереңөзек халқы балаларды салтанатты түрде шығарып салды.
Бұл жолы 104 оқушы жетекшілерімен жолға шықты. Саяхат бағдарламасына «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі мен Астана қаласының көрікті, маңызды жерлерін тамашалау енгізілген.
Аудан оқушылары, «Біз ЕХРО-дан өте үлкен үміт күтеміз. Бұл – еліміз үшін үлкен мәртебелі оқиға. ЕХРО көрмесінен әлемге танымал ғалымдардың жаңалықтарын, жаңа заманауи технологияларды қарауға және де сол технологиялар арқылы пайда болған өнімдерді көріп, көңілге түйетін боламыз, - дейді.
Бүгінде арман қала Астанаға аттанған оқушылар аман-есен жетіп, "Экспо-2017" көрмесін тамашалап, саяхат жасауда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 маусым 2017 г. 417 0