Шиеліде тазалық мәселесіне көңіл бөлінді

Шиеліде тазалық мәселесіне көңіл бөлінді  Шиелі. Аудан орталығының тазалық мәселесіне назар аударылып отыр. Бұл бағытта алдағы уақытта көптеген жұмыстар атқарылатын болады.
 Осы орайда "Шиелі-Бәйтерек" ЖШС-нің директоры Мұхтар Тойымбетов "Аудан орталығын тұрмыстық қоқыс қалдықтарынан тазарту үшін қазірде 120 дана урна, 100 дана қоқыс жәшіктер қажеттігі туындауда" – дейді. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, одан өзге кенттегі көпқабатты үйлердегі бей-берекет орналасқан дүңгіршек, вагондарды ретімен орналастыру керектігі туындап отыр. Себебі, бұл дүңгіршіктер кент тазалығын жүргізетін арнайы техникалардың еркін жүруіне кедергі келтіруде. Бұл мәлімдемелер аудандық тұрақты кеңес мәжілісінде айтылды. 

Шиеліде тазалық мәселесіне көңіл бөлінді

 



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қаңтар 2014 г. 930 0