
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 9-11 маусым аралығында Жаңақорған ауданында «Zhastar Camp Qyzylorda – 2017» облыстық оқу семинары өтті.
Оқу семинарын «Жастар» ғылыми зерттеу орталығының басқарма басшысы Наурызбай Нұрлыбаев және ұлттық тренерлер пулының тренері Файзуллаев Данил жүргізді.
Оған аудандық, қалалық, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі қызметкерлері, жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.
Қатысушылар оқу семинарының алғашқы күні Қазақ хандығының ордасы болған «Сығанақ» қаласымен танысып, Жаңақорған кентінде орналасқан әк зауытының жұмысын көрді.
Оқыту семинары – «Жастар ресурстық орталықтары стандарттары және қызметін бағалау әдістемесі», «Жастар ресурстық орталығы қызметінде қажеттіліктерді анықтау және жоспарлау әдістері» тақырыптарында өтті.
Сондай-ақ, қатысушы жастар Жаңақорған ауданы әкімі Ғ.Әміреевпен кездесіп, еркін пікір алмасу өрбіді. Оқу семинарымен қатар қатысушыларға тимбилдинг, квест ойындары және спорттық ойындар ұйымдастырылды.
2 күнге созылған оқу семинары қатысушы мамандарға тың серпін берумен қатар, біліктіліктерін арттыруда мол септігін тигізді. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.