Қызылордалық кәсіпкер 5 гектар жерге алма ағаштарын отырғызды

Қызылордалық кәсіпкер 5 гектар жерге алма ағаштарын отырғыздыҚызылордалық кәсіпкер Сейдіғазы Әлібаев тамшылатып суару тәсілімен алма бағын өсіруде, деп хабарлайды Baq.kz порталының өңірдегі тілшісі.
Сейдіғазы Әлібаев он жылдан бері алма бағын өсіруді армандап келді. Табанды азамат сол жоспарын биыл жүзеге асырып отыр. Күре жолдың бойында орналасқан Шиелі ауданы Тартоғай елдімекенінің маңайына алма ағаштарының көшеттерін отырғызды. Қазір шығымы жақсы.
«Қызылорда облысында алма бағы жоқ. Санаулы-ақ үйдің ауласында өседі десек артық айтпаймын. Оның үстіне, алма бағы тамшылатып суару әдісімен өсіріп жатырмыз. Мұндай тәсіл де бірінші рет қолданылып отыр. Өйткені, облыста су тапшы», - дейді кәсіпкер.
Кәсіпкерге жары Клара Әлібаева да жәрдемдесіп жүр. Оның айтуынша, қыс кезінде облыстағы кәсіпкерлер палатасына барып, мамандарынан кеңес алған. Содан кейін «Әлібаев» деген шаруа қожалығын ашып, Оңтүстік Қазақстан облысынан жартылай карлик алмасының 3 түрлі ағашын 5 гектарға отырғызады.
«Скважина қазып, үлкен су құятын бак алып орнаттық. Алма бағын тамшылатып суғару жүйесіне қажетті құрал-жабдық қажет болған соң «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы несие алдық. Қазір ағаштарымыз гүлдеді. Интенсивті алма сорттары екінші жылы жеміс бере бастайды. Бұйырса, осы алма бақты өсіріп, жылдан-жылға көбейтсек, жергілікті жерді өз өнімімізбен қамтамасыз етеміз. Сырттан келетін алмалардың орнын бассақ деген мақсатымыз бар», – дейді Клара Әлібаева.
«Әлібаев» шаруа қожалығына жергілікті атқарушы орган тарапынан да қолдау берілуде.Қызылордалық кәсіпкер 5 гектар жерге алма ағаштарын отырғызды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 маусым 2017 г. 723 0