Қармақшы. Ауданда кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуға байланысты жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді.
Әйелдердің соңғы үлгідегі киімдерін тігіп, шеберлігін жетілдірген "Жәмилә" өндірістік кооперативі өз жұмысын 1997 жылы бастаған еді. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабаралуынша, қазіргі таңда тігіншілер қысқы киімдер, әр түрлі саладағы кәсіби киімдер және мектеп оқушыларының формасы, басқа да жыл мезгілдері сұранысына қарай тұрғындарды тігін өнімдерімен қамтамасыз етуде.