Қазалы. Аудан орталығы – Әйтеке би кентінің іргесіндегі Ғани Мұратбаев ауылының келбеті жыл сайын көркейіп келеді. 2013 жылдың өзінде ауылдағы 4 көше асфальтталды, 2 көшеге түнгі шамдар орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы салынды.
«Ауылдың кіреберісінде тұрған «Атамекен» демалыс алаңы мен көпшілік серуендейтін «Ғани» және «Тәуелсіз Қазақстан» саябақтарына гүлзарлар қойылып, шағын сәулеттiк кескiндермен көмкерiлді. Биылғы жылы ауылда жаңа дәрігерлік амбулатория бой көтеріп, тағы да 2 көшені асфальттау жоспарлануда» дейді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.