
ЭКСПО-дағы «Нұр Әлем» қазақстандық павильонымен толық танысып шығу үшін үш жарым сағат уақыт кетеді. Бұл туралы брифингте «Астана ЭКСПО- 2017» ҰК» АҚ Контент және іс-шараларды ұйымдастыру департаментінің директоры Марат Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Көрме кешенінің орталық нысаны «Нұр Әлеммен» толық танысып шығу үшін 3-3,5 сағат уақыт кетеді. Яғни, қызығушылық танытқан адамдар барлық қабаттарды аралауға ұзақ жүріп қалады», - деп тоқталды М. Омаров.
Бұдан бөлек, ол жалпы ЭКСПО-2017 алыңындағы павильондарды аралауға шамамен қанша уақыт кететінін айтты.
«Атап айтқанда, жалпы көрме бойынша жалпы танысып шығуға 4 тәулік аралауға туралы келеді. Осы төрт күнде павильондардан бөлек, біз ұйымдастыратын басқа да бірқатар шараларды қарап шыға аласыздар. Себебі біз күніне 30-40 түрлі шараларды өткіземіз», - деп түсіндірді департамент директоры.
Айта кетейік, «Нұр Әлем» - Астана ЭКСПО-2017 Көрмесінің архитектуралық символына айналған көрме кешенінің орталық нысаны. Бұл диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метр құрайтын әлемдегі ең үлкен сфералық ғимарат. Келушілер Қазақстанның тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, көрікті жерлері, сонымен қатар елдің жетістіктерімен таныса алады.