Қармақшы. Аудандық мәдениет үйінде Тұрымбет жырау Салқынбайұлы атындағы әуез мектебінің ұстаздары мен оқушылары классикалық музыка мен қатар дәстүрлі өнерімізді насихаттайтын туындыларды орындап, өз есептік концерттерін берді.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әуез мектебінде домбыра, фортепиано, қобыз, домра-прима, баян, жыр-терме және соқпалы аспаптары сыныптары бойынша дәріс беріледі. Өнерге құштар өрендермен 42 ұстаз жұмыс жасауда.