«ЭКСПО» көрмесіне арналған велошеру өтті

«ЭКСПО» көрмесіне арналған велошеру өттіБүгін басталатын халықаралық «ЭКСПО» көрмесіне орай және бұқаралық спортты дамыту мақсатында аудан әкімінің қолдауымен дәстүрлі велошеру өтті. Оған аудан әкімі Ғ.Қазантаев, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары мен аудан тұрғындары, білім саласының 150-дей қыздары қатысты.
Орталық алаңға жиналған велошерушілерге аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова үрдіске айналған спорт түрі ауданда жиі өткізіліп келе жатқандығын айтты. Осының нәтижесінде, аудан тұрғындарының басым көпшілігі спортпен жүйелі шұғылдануда. Бұл сырдариялықтардың денсаулығына пайдалы екендігін жеткізген аудан әкімінің орынбасары велошеру аясында «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары мен мүмкіндігі шектеулі балалардың баруына көмек көрсету мақсатында «Жүректен жүрекке» тақырыбымен қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып жатқандығын айтты. Әлем назарындағы көрмеге аудан тұрғындарының баруына кәсіпкерлер де көмек қолын созып жатқандығын атап көрсетіп, аталмыш акцияға белсене қатысуға шақырды. Мұнан соң велошерушілерге соғыс және еңбек ардагері Яхия Тасыров бата берді.
Құттықтау сөзден кейін аудан басшысы бастап ардагерлер мен мекеме басшылары қайырымдылық шараға үн қосты. Ал үрдіске айналған велошеру Орталық алаңнан басталып, велошерушілер кенттің А.Иманов, Қ.Қазантаев көшелерімен жүріп өтіп, И.Тоқтыбаев көшесіндегі жаңа көпір арқылы «Қызылорда-Жалағаш» автожолымен А.Иманов көшесіне қайта түсіп, Орталық алаңға келді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 маусым 2017 г. 469 0