ДАИШ теракт ұйымдастырмақ ойлары бар келесі 8 мемлекетті атады

ДАИШ теракт ұйымдастырмақ ойлары бар келесі 8 мемлекетті атадыДАИШ террористік ұйымы бірнеше мемлекетке қатысты "қорқыту" мәлімдемелерін жасады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Ағылшын тілінде жазылған хабарлма Ресей, Бельгия, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Канада, Аустралия, Италия мемлекеттерінде тұратын мұсылмандарына бағытталған. Террористер ислам ізбасарларына «базарлардан, кісі көп жүретін көшелерден, алаңдардан аулақ жүруін» ескертті. Сарапшылар ДАИШ-тың аталмыш хабарламасына аса сақтықпен қарап отыр. Террористер «қамқорлық танытпақ болған» мұсылмандарың өздері терроризм және ДАИШ ұйымының басты құрбандарына айналып отыр. Ал террозим мен халықаралық террористік ұйымдарға деген ойларын мұсылман халқы анық білдіріп отыр.
Бүгінде Еуропада терроризмге қарсы мұсылмандардың маршы жүріп жатыр, маршта қоғам қайраткерлері, дін қызметкерлері, сондай-ақ белсенді азаматтардан тұратын жүздеген мұсылман атсалысты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 маусым 2017 г. 368 0