
66 жастағы қала тұрғыны үш баланы судан алып шықты. Алайда, олардың бірі тірі қалмады. Иә, үшеуінің де тірі қалмауы мүмкін еді. Бұл оқиға 25 мамырда «Пищевик» саяжайында орын алған болатын. Мынау сол балалар суға кеткен жаға. Ал, мынау олардың құтқарушысы 66 жастағы Базар Сәрсенбаева. Ол екі баланы судан алып шықты. Ал, үшіншісіне бара жатқанда, оған көмекке 14- жасар Жомарт Орнықбаев келді.
Саяжай тұрғыны Базар Сәрсенбаева: «Мен отын алуға шыққанмын. Үш жасар көлеміндегі жылап тұрған кішкентай қызды көрдім, ол: ағам суға кетті, ағам суға кетті деп еңіреп тұр. Бұл кезде қалай қарап тұра алам? Олар да маған балаларым секілді ғой. Судан үш баланы кезек-кезек шығардым. Олар әр жерде суға батып бара жатты. Алдымен екі баланы жаға шығардым. Әлім кете бастады, бірк езде, Жомартқа рахмет, менің де қолымдағы баламен бірге судан шығуыма көмектесті.»
Жомарт Орнықбаев – №10 орта мектептің 8 сынып оқушысы: «үйден шыққан соң, айқайды естідім. Атам мені дарияда не болып жатқанын білуге жіберді. Балалар суға батып бара жатыр екен. Оларды кейуана әйел құтқарып, судан шығарып жатыр екен. Мен де суға қойып кеттім. Алдымен қолындағы баласын жағаға шығарып алдым. Сонан соң әжеге де судан шығуына көмектестім.»
Өкінішке орай, бір бала қаза болды. Егер әже мен жасөспірімнің көмегі болмағанда өзенге үшеуі де батып кететін еді.
Бірақ олар өздерін ерлік жасадық деп санамайды.
- Қалай қарап тұра аласың? Олар да менің балаларым секілді ғой. Судан снесіне қорқам? Алдымен мен балаларды қалай құтқарсам деп ойладым,-дейді Б.Сәрсенбаева.
Жомарт Орнықбаев: «Өзімді мақтамаймын. Мақтанғанды жаным сүймейді. Не айтатынымды да білмеймін. Егер тағы да әлде кімге көмек қажет болса, тағы да көмек көрсетуге дайынмын.»
Біздің екі кейіпкеріміз де суға жақсы жүзетін болып шықты. Базар апай қазіргі күні де өзенге келіп, суға түсіп салқындап алғанды ұнатады. Ал. Жомартты ағалары суға жүзуге үйреткен екен. Қабілет-қарымның пайдасы болған секілді.
Жомарттың атасы Үсен Орнықбаев: «Түстен кейін үйде дем алып жатқанбыз. Бір кезде балалардың жылаған даусын естідік. Немеремді жағдайды байқап көруге жұмсаған едім. Ол бір баламен бірге кейуананы да судан шығуына көмектесті. Бір бала қаза болды. Ол балаларды біз танымаймыз. Олар біздің саяжайымызда тұрмайды екен. Жыл сайын мұнда бақытсыз жағдайлар орын алып жатады. Біз балаларға суға түспеңдер деп кейиміз, бірақ балалардың көбісі тыңдай бермейді.»
«Пищевик» саяжайының төрағасы Толыбек Әбдіреев: «Күндізгі 4-тер шамасында Базар апай отын теруге кетіп бара жатып, суға батып бара жатқан балаларды көреді де жардан суға секіріпк етеді. Сосын кейін оған Жомарт көмекке келеді. Мен базар апаның балалрды құтқаруға сыққан қасиетін аналық махаббаттан ба деп ойлаймын. Сондықтан еш нәрседен қорықпаған. 8 сынып оқушысы ерлік жасады. Осындай балалар көп болса екен.»
Әжейдің бұл бірінші рет адам құтқаруы емес екен, оны білетіндер өткен жылы да бір ер адамды суға кетуден аман алып қалды деп отыр.
Б. Сәрсенбаеваның жиені Айгүл былай деді: «Мен тәтемнің ерлігіне басымды иемін. Өткен жылы да суға кетіп бара жатқан мас адамды да құтқарып, ағашпен тартып, жағаға шығарып еді.»
Әже мен жасөспірімнің ерлігі назардан тыс қалмақ емес. Екеуі де балаларды құтқарғаны үшін марапаттауға ұсынылды.
Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат
тобының бас маманы