Өрт кезінде 1 адам құтқарылып, 25 адам эвакуацияланды

Өрт кезінде 1 адам құтқарылып, 25 адам эвакуацияландыБүгін 08 сағат 23 минут шамасында «101» орталық өрт байланыс бекетіне Қорқыт ата көшесі №3 А тұрғын үйдің 5-қабатындағы балконы жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті.
Хабар түсісімен 08 сағат 30 минутта оқиға орнына 2 техникасымен Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен жауынгерлік есеп жетті, ал 08 сағат 32 минутта техникасымен №2 өрт сөндіру бөлімінің жауынгерлік есебі келді.
Барлау жұмысы барысында №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы, бірінші өрт сөндіру жетекшісі, азаматтық қорғау майоры Н.Ілиясов тұрғын үйдің 4 және 5-қабаттағы балкондары жанып жатқандығын анықтады. Бірінші және екінші подъезден 25 адамды қауіпсіз орынға шығарды, оның ішінде 7-еуі бала. 4-қабаттағы №27 пәтердің есігі жабық болғандықтан бұзып, ішінен әйелді сыртқа алып шықты.
Өрт оқиғасы орнына жеткен «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Б.Қосмұратов өрт сөндіру барысына жетекшілік етуді өз қолына алып, «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісінің орынбасары азаматтық қорғау аға лейтенанты С.Ибраевқа және «ӨСжАҚЖҚ» ММ Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бас маманы азаматтық қорғау майоры Б.Мақұловқа жедел өртті сөндіру бойынша тапсырма берді.
Жедел іс әрекет арқасында өрт оқиғасы барысында қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ. 08:39 сағатта өрт толығымен сөндірілді. Өрттің ауқымы 38 шаршы метрді құрады. Өрттің себебі анықталуда. Өртті сөндіруге ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ жеке құрамынан 20 адам мен 4 техника қатыстырылды. Тұрғын үй тұрғындары жедел әрекет етіп, өрттің одан әрі өршіп кетпеуіне үлес қосқан өрт сөндірушілерге алғыс білдірді.
 
Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 маусым 2017 г. 443 0