Баскетболдан аудандық ашық турнир өтті

Баскетболдан аудандық ашық турнир өтті  Шиелі. Ауданда өткен жылы салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша 185 іс-шара өткізілді. Бұл шаралар биылда өз жалғасын тауып, қаңтар айының 17-18 күндері баскетболдан аудандық ашық турнир өтті. 
«Аудандық спорт бөлімінің басшысы Нариман Сапарбайдың хабарлауынша турнирге облысымыздан бөлек Кентау, Түркістан қалаларынан жиналған 7 команда бақ сынаған. Екі күнге созылған додада Кентау қаласының баскетболшылары үздік шығып бас бәйгені иеленді. Сонымен қатар, 2 және 3 орынды Шиелі ардагерлері мен Шиелі жастары құрама командалары өзара бөлісті» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қаңтар 2014 г. 974 0