Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілді

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілді2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізіледі. Бұл қолданыстағы көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы мен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек түрлерінің бірігуі нәтижесінде жүзеге асады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алтын Есқараева мәлімдеді.
«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа үлгідегі түріне көшеміз. Бұл жерде 3 түрлі жәрдемақы бір түрлі форматтағы әлеуметтік көмекке енгізілетін болады. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек түрі 2 түрге бөлінеді: шартты және шартсыз ақшалай көмек. Жаңа тәсілдің қолданыстағы жүйеден айырмашылығы: жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің міндетті түрде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы шартымен, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайыздан төмен отбасыларына тағайындалады. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен ең тқменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайыз арасындағы айырма түрінде есептеледі. Аталмыш көмектің ерекшелігі мемлекеттік қолдауға ие болады. Жәрдемақыны ала отырып жұмыспен қамту шаралары жүргізіледі және әлеуметтік бейімдеу болады» – Алтын Итенқызы.
Айта кетерлігі, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа үлгісін іске асыру «Өрлеу» жобасы шеңберінде бірқатар өңірлерде 2014 жылдан бастап пилоттық режимде іске асырыла бастаған. Жалпы жобаның нәтижесінде тұрақты жұмыспен қамтылғандар үлесі 2015 жылы 37,5 пайызды құраса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 54,1 пайызды құраған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 маусым 2017 г. 1 160 0