
Орталық коммуникациялар қызметінде «Ауылды жердегі жаппай кәсіпкерлік пен шағын бизнесті қолдаудың тиімді құралы. 2017 жылғы егіс науқанын қаржыландырудың қорытындысы» тақырыбында баспасөз конференция өтті. Баспасөз конференцияның жұмысына «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлназ АТАМҚҰЛОВА, «ҚазАгроГарант» АҚ Басқарма төрағасы Дәулет ТӘЖМАҚИН, «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Дұман ОСПАНОВ және ЖШС «НС «Аршалы» Басқарма төрағасы Қаржубай АХМЕТЖАНОВ қатысты.
«ҚазАгро» ұлттық холдингінің жаңа бастамалары ауылдық жерлердегі өзі үшін жұмыс істейтін тұрғындар үшін өз бизнесін бастауға және дамытуға шынайы мүмкіндік береді. Енді жұмысын бастаған кәсіпкерлердің кепілдік проблемасын шешуге «ҚазАгроКепіл» арқылы қарыздарды кепілдендірудің жаңа жүйесі көмектеседі» - «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлназ Атамқұлова баяндады.
Қазіргі жағдайда Холдингпен агросекторды несиелеудің жалпы көлемінің 85%-ы шағын және орта бизнес субъектілеріне тиесілі . Холдингтің шағын несиелеу нарығындағы үлесі 94%-ды, ауылшаруашылық техникасының лизингі нарығындағы үлесі – 72%-ды құрайды.
«ҚазАгро» ұлттық холдингі ауылдағы бизнесті несиелеу процессіне жеке қаржы құрылымдарын – Шағын қаржы ұйымдары мен Несие серіктестіктерін тарту бағдарламасын әзірледі. Бұдан басқа, Холдинг әсіресе ауылдағы жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ыңғайлы шағын қарыздарды кепілдендіру жүйесін енгізеді, ол шағын бизнеске кепілзатпен проблемасы болған кездің өзінде несие қаражатын алуға және өз ісін бастауға мүмкіндік береді. Жаңа схема өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде әзірленді, оны іске асыруға НС және ШҚҰ арқылы 11 млрд.теңге көзделген, 6% мөлшерлемеден. Мемлекет атынан «ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдік етеді.
Кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдік көлемі шағын несие құнының 85%-ын, жұмыс істеп тұрғандар үшін - 50%-ға дейінгіні құрайды. Несие серіктестіктері мен шағын қаржы ұйымдарының қарыздары ғана кепілдендіріледі. Осы ретте, ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне ҚазАгроКепілдің офисіне барудың қажет емес екенін атап өту қажет, кепілдік алу үшін өтінім несиелеуге құжаттардың топтамасын өткізу кезінде рәсімделеді және АШТӨ тарапынан шығынды қажет етпейді. Осыған ұқсас аталған бағдарлама Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен де іске асырылады. Бөлінген қаржы ресурсының көлемі 16 млрд. теңгені құрайды.
Шағын несиелер Бағдарламаның қатысушыларына мал шаруашылығын дамытуға және ауылшаруашылық кооперативтерін дамытуға бағытталған жобалар бойынша 7 жылға дейін, басқа жобалар бойынша – 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бағдарлама бойынша қарыз сомасы 8000 АЕК (18 152 000 теңге) аспайды, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан аспайды. «ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыру жүйесінде де өзгерістер болды.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ бәсекелес ортаға беру жөніндегі бекітілген іс-шараны ескере отырып, жылдың басынан бастап инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша барлық өтінімдер Аграрлық несие корпорациясында қабылданады.
Осы ретте компания инвестициялық жобаларды қаржыландыруды, соның ішінде ҚР АШМ анықтаған басым бағыттардың кеңейтілген спектрі бойынша Ұлттық қордың қаражаты есебінен жоспарлайды. Егер бұрын қаржыландыру мөлшерлемесі 6%-ды құраған болса, қазір ол 5,5%-ға дейін төмендетілгенін атап өту қажет.