
Қызылорда облысы Сырдария ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымына майор Өсербаев Ақназар Сламжанұлы тағайындалды. Бұл туралы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақназар Сламжанұлы 06.02.1977 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы Чунджа ауылында дүниеге келген.
Әскери қызметтегі жолдары: 2000-2002 жылдары Алматы облысы Ұйғыр ауданының әскери комиссариатының инспекторы (арнайы есепке алу бойынша); 2002-2003 жылдары Ұйғыр ауданының әскери комиссариатының 1-ші бөлімше бөлімінің көмекшісі; 2003-2004 жылдары Алматы облысының әскери комиссариатының жұмылдыру бөлімі бастығының көмекшісі (жедел кезекші); 2004-2006 жылдары Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің 1-ші бөлім бастығының көмекшісі (жедел кезекшісі); 2006-2008 жылдары Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыру-жұмылдыру бастығының офицері - жедел кезекші; 2008-2012 жылдары Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жұмылдыру бойынша аға офицері шұғыл жұмыстар жөнінде; 2012 жыл мен 2017 жылдың мамырына дейін Алматы облысы Қаратал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарған.