
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 25 жыл толуына байланысты, және 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында әскери қызметшілердің балаларына арналған "Бала-өмірдің шуағы" тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл туралы, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бүлдіршіндерге арналған шараны ұйымдастырушылар, Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасымен Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті.
Бағдарлама да балалардың білімімен қиялын ұштастыру мақсатында түрлі-түсті бормен сурет салу байқауы ұйымдастырылса, ата-аналардың қабілеттілігін анықтау мақсатында викториналық сұрақтар қойылды.
Әскери қызметші сержант Б.Ахимбековтың ұлы Абу-Надыр сурет салу байқауында әскери формада тұрған адамның суретін салып, өскенде "генерал" боламын - деген арманын айтты. Сонымен қатар, шапшаңдылығынмен шымырлығын аңғару мақсатында спорттық жарыстарда өткізілді. Бойларындағы өнерін ортаға салу арқылы, ән де айтылды, мың бұрала би де биленді.
Үш кезеңнен тұрған шарада жастар саясаты мәселелері басқармасының психологы балаларға жеке-жеке тоқталып өтіп, бағасын берді.
Бүлдіршіндер мереке қарсаңында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының алғыс хаттарын және ата-аналарының мереке қарсаңында дайындаған тосын сыйлықтары тарту етілді.