Америкалықтар ұлттық ойынымызға қызығып отыр

Америкалықтар ұлттық ойынымызға қызығып отырҚазақтың төл өнері – көкпарға деген қызығушылық күн санап артып келеді. Бұл жолы АҚШ құрамасы Қазақстанға келіп, ЕХРО көрмесі аясында спорттың осы түрінен өтетін турнирге қатысуды жоспарлап отыр.
Бұл жайында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол Астанада өткен баспасөз-мәслихаты барысында мәлімдеді деп хабарлайды «Қазақпарат» агенттігі. Елшінің айтуынша, ковбойлардан құралған америкалық команда тамыз айында Арқа төсінде өтетін турнирге қатысады. «Былтыр Қырғызстанда ұйымдастырылған Көшпенділер ойындары қарсаңында АҚШ өз командасын жасақтап, сол додада тұңғыш рет өнер көрсеткен еді. Бізге қарсы шыққан құрамалар қатарында Қазақстан да болды. Америкалықтарға көкпардың ұнағаны соншалық, олар елге келгенде де жаттығуды жалғастырып, түрлі бәсекелер ұйымдастырды. Енді Астанадағы ЕХРО кезінде де ковбойлар жарыс жолына шығуды құп көріп отыр», – дейді елшіліктің баспасөз-атташесі Рэн Эльхай.
Бұрындары көкпарды қазақтардан бөлек, Орталық Азияда аумағында орналасқан елдер және башқұрттар мен алтайлықтар ойнаса, бұл күндері бұл өнердің өресі кеңіді. Бүгінгі таңда басқа да құрлықтың өкілдерінің көкпарға деген қызығушылығы артып келеді.
aikyn.kz
 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 маусым 2017 г. 396 0