КӘСІПОДАҚТАР ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДА

10 маусым – Қазақстан кәсіподақтары күніне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайында «Кәсіподақтар жаңғыру жолында» облыстық кәсіподақтар форумы өтті.
Облыстық кәсіподақтар орталығы, сала¬лық кәсіподақтар мен «Келешек» кәсіподақ жастар кеңесі ұйымдастырған шара¬ның мақсаты – мемлекеттік саясаттың кәсіп¬одақтар арасында жүргізілуін арттыру, кәсіподақ ұйымы¬ның нәтижелі жұмыстарын насихаттау, олар арқылы кәсіпорындарда идео¬логиялық жұмыстарды жүргізіп, еңбек дауларының алдын алуға жағдай жасау, кәсіподақ көшбасшысының имиджін көтеру және кәсіподақ белсенділерін ынталандыру.
Жиынға ҚР Кәсіподақтар Федерациясы¬ның төраға кеңесшісі Ерлан Саиров, «Нұр Отан» партиясы облыстық ¬филиалы төрағасының бірінші орынбасары ¬Ибадулла Құттықожаев, білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Қызылорда облыстық ұйымының төр-айымы Райкүл Байназарова және өзге де бірқа¬тар салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен мүшелері қатысты.
Форумның салтанатты жиынын Қызылорда облысы кәсіподақтар орта¬лығының төрайымы Сәуле Ілиясова жүргізді.
Шараға қатысушылар алдымен кәсіподақ¬тардың қызметін көрсететін бейнероликті тамашалады. Сонан соң сөз алған ҚР Кәсіп¬одақтар фе¬де¬ра¬ция¬сының төраға кеңесшісі ¬Ерлан Саиров кәсіподақ ұйымының қоғамдағы роліне тоқталып, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.
– Кәсіподақ қоғам, халық пен ¬мемлекет арасындағы делдал болып табылады. Кәсіп¬одақтың қызмет ауқымы кең. Жуырда Елбасы¬ның рухани жаңғыруға арналған үлкен мақаласы жарияланды. Осыған байланыс¬ты әлеуметтік жаңғыру мәселесіне де көңіл аударылуда. Мұнан кәсіподақ жұмысы да сырт қалмақ емес. Еңбек адамын құрметтеу, оны қолдау жөнінде жиі айтылып, осы бағытта жұмыстар атқарылуда. Бұл орайда кәсіподақтарға артылар жауапкершілік жүгі ауыр. Бүгінде заман талабына сәйкес кәсіптің түрлері көбеюде, еңбек формасы өзгеруде. Ендеше кәсіподақтардың жұмысы да заман талабына ілесіп, уақыт тынысымен үндесіп отыруы тиіс,– деген Ерлан Саиров әріптестерін мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Жалпы, Қазақстан ¬Республикасы Кәсіп¬одақтар федерациясы және оның мүше¬лік ұйымдары кәсіподақтардың еңбек қаты¬настарын реттеудегі жауапкершілігін арттыру, әлеуметтік әріптестікті дамыту, кәсіподақ кадр¬лବрының жауапкершілігін ¬арттыру, олардың резервін дайындау, еңбек¬кер әйе묬дермен, жастармен жұмысты дамыту бағытында жұмыс жасауда. Сонау 1950 жылдан бастау алған облыстың кәсіподақтары бүгінде аймақтағы еңбекшілердің басын біріктіріп отырған ең ірі қоғамдық ұйым болып табылады. Қазіргі таңда құрамында 93 мыңнан астам мүшесі бар. 1000-нан астам бас¬тауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс жасауда. 
Жиында сонымен бірге «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы облыстық ұйымының төрайымы Райкүл Байназарова, облыстық кәсіподақтар ардагері Ақмырза Сыдықов сөз алып, мереке иелерін құт¬тықтады.
Салтанатты жиында бірқатар кәсіподақ ұйымының жетекшілері Жал¬пыға бірдей Кәсіподақтар Конфедерациясының «Құрмет» грамотасымен, жалпыға бірдей Кәсіподақтар конфедерациясының құрылғанына 25 жыл толуына арналған мерейтойлық грамотасымен, «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының және салалық кәсіп-одақтардың «Алғыс хаттарымен» марапатталды. 
Форум жұмысы онан әрі ҚР Кәсіподақтар федерациясының төраға кеңесшісі Ерлан Саировпен пікір алмасумен жалғасты.

Айнұр БАТТАЛОВА.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 маусым 2017 г. 671 0