Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде «Мемлекет пен дәстүрлі діндер арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында онлайн режимде интернет-конференция өтті. Оны облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Е. Рүстемов ашып, жүргізді.
– Қазақстан Республикасындағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес, ел аумағында тек ресми тіркелген діни бірлестіктерге ғана діни қызметпен айналысуға рұқсат етіледі. Егер қандай да бір ұйымдасқан адамдар тобы діни жиналыстарды өткізсе және бұл ретте тиісті тіркеуден өтпеген болса, онда оның қызметі заңға қайшы болып табылады және әкімшілік жазаға әкеп соғады.
Заңды діни қызметке кедергі келтіруге, дінге қатыстылығына байланысты азаматтардың құқықтарын бұзуға, қандай да бір дін өкілдерінің қадір тұтатын заттары мен құрылыстарын Заңмен жол берілмейді.
Базарда, көшеде немесе өзге де қоғамдық орындарда адамдарға өздігінен діни әдебиетті таратуға болмайды. Мысалы, егер базарда әлдебіреудің діни әдебиетті сатуы немесе тарату бұл заң бұзушылық болып табылады», – деді басқарма басшысының орынбасары.
Сондай-ақ, Е.Рүстемов еліміздегі азаматтар және діни бірлестіктер өздерінің қалауы бойынша діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды сатып алуға, пайдалануға құқылы екендігін айтты.
Алайда, бұл ретте мұндай материалдарды тек ғибрат үйлерінде, жергілікті атқарушы органдар белгіленген арнайы орындарда ғана таратуға рұқсат берілген.
Есет ТАБЫНБАЕВ.