Астана күнінде қазақстандықтар неше күн демалады?

Астана күнінде қазақстандықтар неше күн демалады?Тура бір айдан кейін тойланатын Елорда күніне қазақстандықтар төрт күн демалатын болады, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми сайты. Демалысты сенбіден жұма күнге ауыстыруға байланысты бір апта бір күнге ұзақтау, ал екінші апта екі күнге қысқалау болды.
Сайттың ақпаратына сәйкес, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев демалыс күндерді ауыстыру туралы қаулыға қол қойған.
Қаулыға сәйкес, Елорда күніне — 1 шілде сенбіден –7 шілде жұмаға ауыстырылады. Демалыс күндері 6, 7, 8, 9 шілде болмақ. Алматыдан Ақмолаға (Астаның бұрынғы атауы) көшіру туралы шешімін Қазақстанның Жоғарғы кеңесі 1994 жылғы 6 шілдеде қабылдады. 1997 жылғы 10 желтоқсанда ресми түрде көшірілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 маусым 2017 г. 596 0