Бюро отырысы өтті

Бюро отырысы өттіБүгін «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалы Саяси кеңесінің Бюро отырысы өтті. Жетекші партияның аудандық филиалының ғимаратында өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеров, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары М.Омаров және аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Бюро отырысында бірнеше маңызды мәселе қаралап, жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, аудандық білім бөлімінің басшысы Баян Сүюбаева "Балалардың жазғы демалыс лагерінің жұмысы туралы” хабарлама жасады. Сондай-ақ, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Алимаш Мырзахметова "Аудандағы қоғамдық саяси жағдайға мониторинг жүргізу жайлы” баяндады. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе аудандық партия филиалының партиялық жарнапұл жоспарының орындалуына арналып, бұл мәселе жөнінде аудандық партия филиалының сектор меңгерушісі А.Садыкованың баяндамасы тыңдалды.
Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалы Саяси кеңесінің Бюро отырысында жасалған хабарламалар толықтай тыңдалып, мәселелер талқыланғаннан кейін Қаулы қабылданды.
 
Ақтөре Ибрагимұлы
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 маусым 2017 г. 716 0