
Аты аңызға айналған актер Джеки Чан Қазақстанға ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана әкімі Әсет Исекешев әйгілі актерді әуежайдан өзі күтіп алды. 2017 жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. 63 жастағы Джеки Чан Қазақстанға осы шараға қатысу үшін келіп отыр. "Бұл шара барысында алты толықметраж фильм, соның ішінде қытай жұлдызының "Кунг-фу Йога" (Тәңір сауыты: қазынаны іздеу" - автор ескертпесі) фильмі де көрсетіледі.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, Чан фильм көрсетілімдеріне де қатысады", - делінген басылым ақпаратында.