
Ағымдағы жылдың 3 маусым күні «Қармақшы ауданы жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мекемесінде аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде "Қорқыт елі – Қармақшы" ЖҚБ-нің және «Қармақшы ауданы жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Ғани Мұратбаевтың 115 жылдығына орай жастар арасында дөңгелек үстел болып өтті. Шараны аудандық мәслихат депутаты, «Қармақшы ауданы жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директордың міндетін уақытша атқарушы М.Ибраев ашты.
«Нұр отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының бірінші орынбасары Дастан Әбдібекұлына беріліп, өз сөзінде жасындай жарқ етіп өте шыққан Ғани Мұратбаев. Қысқа ғұмырында қазақ халқын қиянат атаулыдан арашалап, надандықты жоюда белсене атсалысқан алаш арыстарының бірі, әрі бірегейі. «Елім, жерім!» деген терең мағыналы сөзді бір сәт те есінен шығармаған ұлтжанды халықтың баласы, Ғани Мұратбаевтың мерей тойы облыс, аудан көлемінде Жер-жерде өткізіліп жатыр, осындай шараға белсенділікпен атсалысып қатысып отқан жастарға көп рахмет, деп өз алғысын білдірсе, шарада одан әрі сөз алған Қазалы аудандық Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музей қызметкері Алтынай Жадырасынова мұражай төңірегінде бірқатар мәліметтер беріп, слайд арқылы көрсетіп өтті. Шара өз жалғасын тауып аудандық мәслихат депутаты Күлжауһар Төлегенқызы, «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ұрзахия Болтайқызы, №121 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айбол Өмірзақұлы, «Жас отан» жастар қанатының Қармақшы аудандық бөлімінің атқарушы хатшысы Айдынбек Айтбайұлы, Қармақшы аудандық «Жастар денсаулық орталығы» КММ-сі Құралай Наршақызы секілді қонақтарымыз өз ойларын ортаға салып, жастарға үлгі болар Ғ.Мұратбаевтың өмір тарихынан мәлімет беріп өтті.
Елбасымыз Н.Назарбаев «Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, құнды дүниелерімізді зерттеп, зерделеп, жинақтап сақтайтында, оны халыққа жеткізіп, келер ұрпаққа аманаттайтында музей» – деген болатын, өз жалғасын тапқан шарада Ғ.Мұратбаев атындағы тарихи мемориалдық мұражай жанынан құрылған жылжымалы «Ғанитанушылар» үйірмесінің өнерлі мүшелерінің көрмесімен келген қонақтарымызды таныстырып өтіп, сонымен қатар аудан жастарының Тәуелсіздіктің 26 жылдығында жеткен жетістіктері мен таныстырып өтіп, Ғанидай ағамызды жүрегімен жырлайтын Ғани туралы монолог, шығармашыл жастардың туындыларыда оқылды. Шара соңында Ғани Мұратбаев алмас қылыштай жарқылдап өткен Алаш арыстанының бірі. 18 жасынан бастап Қазақ халқын аштықтан арашалауға, сауатсыздықты жоюға білек сыбана кіріскен ел қамқоршысы болды. Ол өзінің қысқа ғұмырын ақыл ой парасатын жастардың келешегіне арнады.
Аудандық мәслхат депутаты, «Қармақшы ауданы жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директордың міндетін уақытша атқарушы М.Ибраев - Ғани өмірі бүгінгі Тәуелсіздігімізге жетер жолдағы күрес тарихының каделі бір парағы, қара басынан халық бұқараның қамын жоғары қоятын парасаттылықтың баяны, тарыққанды демеп, жабыққанды жебеп, жақсылыққа жетелеген ізгіліктің үлгісі. Сондықтан да Ғани рухын құрметтеу ұрпақ парызы деп сөз соңын қорытындылап, арнайы Қазалы қаласынан Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музей қызметкері Жадырасынова Алтынай апаймызды марапаттап, сый – сыйапат көрсетіп, шараға келген барлық қонақтарға алғысын білдіріп, кеш соңын қорытындылады.