
Қызылорда қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында болған Қызылорда қалалық мәслихаттың «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асырылу барысы туралы» өткізілген дөңгелек үстелге қатысқан мәслихат депутаттары мен жергілікті әкімдіктер және кәсіпкерлерге, Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандарды және жазасын толық өтеген адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге ықпалы етуді және арнайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыру туралы ұсыныс енгізілген болатын.
Аталған ұсынысымыз, 2017 жылғы 28 наурызында Қызылорда қалалық мәслихатының XII кезекті сессиясында қаралып, қабылданған шешімінің негізінде 2017 жылдың 26 мамырында Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы» коммуналдық мекемесінде арнайы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды және жазасын толық өтеген адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге Қызылорда қалалық пробация есебінде тұрған 452 сотталғанның ішінде 40 жұмыссыздар қатыстырылды.
Қаланың 21 мекемесінен 66 бос орындарына сұраныстар болды. Оның ішінде «Тұрғы үй Қызылорда» ЖШС-не, «Еңбек Қызылорда» ЖШС, «Қызылорда тазалы» ЖШС-не т,б газэлектрдәнекерлеуші, жүргізуші, сантехник, аспазшы сынды мамандықтарға сұраныстар болды. Нәтижесінде, Пробация қызметінен қатыстырылған жұмыссыз 40 сотталғанның 19-на әр түрлі жұмыстар ұсынылып, жолдама берілді.
Қалған жұмыссыз сотталғандардың ішінде зейнет жасындағылар, еңбек өтілі жоқтар, жас балалары бар әйел сотталғандар және мамандығы жоқ болғандықтан ұсынылған жұмыстарға сәйкестік таппады. Дегенмен, мамандығы жоқ сотталғандарды «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама» аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуға «аспазшы», «слесарь-сантехник», «электромонтер», «автокөлік жөндеу слесарі» т,б мамандықтарын алу мақсатында тіркетіліп, кәсіптік оқуларын бітіргесін мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру жұмыстары жалғастырылады.
Бүгінгі күннің өзекті проблемасы, «Пробация қызметінің есебіндегі сотталғандарды және жазасын өтеп шыққан азаматтардың жұмыспен қамтылу мәселелері» бойынша Қызылорда қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында қарастырылған шешімнің негізінде, Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған жазасын өтеушілерге «бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі арнайы өткізілуне ықпалын тигізген облыс әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органының мүшелерімен, қала әкімдігімен, қалалық мәслихат депутаттарымен және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен әрі қарай тиімді жұмыстарды жалғастыратын боламыз.