Тұрғын үйдегі өрт оқиғасы кезінде төрт адамды құтқарды

Тұрғын үйдегі өрт оқиғасы кезінде төрт адамды құтқарды5 маусымда сағат 03 сағат 22 минутта «101» орталық өрт байланыс нөміріне Шұғыла мөлтек ауданы №4,  5 қабатты тұрғын үйдің 1 бөлмелі №90 пәтерінде өрт оқиғасы болып жатқандығы туралы хабар келіп түсті.
Алты минуттан кейін оқиға орнына Қызылорда облысы Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі  №2 мамандандырылған  өрт сөндіру бөлімінен бір өрт сөндіру автокөлігімен  жауынгерлік есебі келіп,  өрт сөндіру автокөлігін тұрғын үйдің алдына орналастырып, барлау жұмыстарын жүргізді.
Барлау барысында өрт сөндіруші-құтқарушылар төртінші қабатта өрт ашық жалынмен жанып жатқанын анықтап, қосымша күш шақырылды. От пен улы түтін бесінші қабаттағы пәтерлерге енген. «ӨСжАҚЖҚ» ММ  Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ә.Баекеев өрт сөндіру жетекшісі ретінде «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекші орынбасары азаматтық қорғау капитаны Р.Бәйімбетовке, №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері  азаматтық қорғау майоры А.Әділовке, №12 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Ғ.Алмасбековке өрт сөндіру іс-әрекеті бойынша тапсырма беріп, олар адамдарды құтқару жұмыстарын жедел жүргізді. 
Жедел іс-қимыл барысында оттың ыстығына, қою түтінге тұншыққан тұрғын үй подъезінің 5-қабатынан 4 адамды:  2 ер адам мен 2 әйел кісіні сыртқа алып шықты, құтқарды.
Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекеттерінің арқасында қаза тапқан және жарақат алғандар жоқ. 4 адамды құтқарып, осы тұрғын үйдің 25 тұрғынын қауіпсіз жерге көшірді. 04 сағат 00 минутта оқшауланып, 04 сағат 10 минутта толығымен сөндірілді. Өрттің көлемі 35 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде. 
Тұрғындар өрт сөндірушілерге жедел келіп, құтқарып және өрт сөндіргендерге ризашылығын білдірді.

Айгүл Нұрманова, 
Қызылорда облысы ТЖД 
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының 
бас маманы



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 маусым 2017 г. 557 0