
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент қызметкерлері және «КазСтИн» РМК Қызылорда өкілдігімен 2017 жылдың 5 маусымында «Аралтұз» АҚ-на нормативтік құжаттардың талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін аралады.
«Аралтұз» АҚ 1913 жылы Арал тұзды көлдерінің алғашқы зерттеулері Арал өндірістік кешенінің негізін қалады. 1925 жылы Жаксықылыш тұзды көлдерінің базасы негізінде «Аралтұз» АҚ комбинатының негізі болған «Соль» артелі құрылған. Компания тұз өнімдер ассортиментін өндіреді және де өзінің бизнесін кеңейту бойынша кез келген инновациялық жобаларға қатысады. 1994 жылы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру жүргізіліп, «Аралтұз» АҚ құрылды. 1996 жылы жабдықтарды жаңғырту, ас тұзын халықаралық стандарттарға сай полиэтиленді пакеттерге орау бойынша жаңа линияны орнату сияқты сауықтыру рәсімдері басталды. 2002 жылы «Аралтұз» АҚ-да өндірісті тоқтатусыз тұзды екінші рет байыту технологиясы ойдағыдай енгізілді, бұл шығарылып жатқан өнімнің сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның Кедендік Одаққа кіруімен компанияда технологиялық базаны түбегейлі қайта жасақтау туралы міндет қабылданды.
Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында нормативтік құжаттар бойынша техникалық реттеу саласында, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» кеңестер беріліп, 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарына ұсыныстар алынды.