Кәсіпкерлер құлықты

Кәсіпкерлер құлықтыҚызылордадан «Алтын сапаға» 3 кәсіпкер,  «Қазақстанның үздік тауарына» 25 кәсіпкер қатысуға ниет білдіріп отыр. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Таңатова айтты. 
Оның айтуынша, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының облыстық шарасына қатысуға ниет білдірушілердің  қатары өткен жылмен салыстырғанда өсіп отыр. 
Мәселен, өткен жылы облыстық байқауға 17 кәсіпкер қатысұан болса, биыл «Қазақстанның үздік тауары» байқауына 25 кәсіпкер қатысуға ниет білдіріп отыр. «Алтын сапа» байқауына 3 кәсіпкер.
«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы  екі этап бойынша өтеді. Бірінші кезең облыстық деңгейде өткізіледі, облыстық деңгейде ұтқан кәсіпкерлер екінші кезеңге өтіп, республикалық  байқауға қатысады. Бүгінгі күнге дейін жергілікті БАҚ арқылы кеңінен ақпараттандырылып, кәсіпкерлермен өткізілген түрлі кездесулерде насихат шаралары жүргізілді. Мұнан өзге, Кәсіпкерлер палатасы тарапынан бизнес өкілдеріне жан-жақты әдістемелік көмек көрсетілуде. Атап айтқанда, құжаттардың ереже талаптарына сай толтырылуы үшін Палатаның сарапшылары мен аудандық филиалдағы қызметкерлер түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, барлық жағдайды жасауда», - дейді Гүлдана Таңатова.
Сонымен бірге, сәуір айында «Атамекен» ҰКП қызметкерінің қатысуымен тегін арнайы оқыту семинары өткізіліп, оған 40-дан астам кәсіпкерлік субъектілері қатысты.
Айта кету керек, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын ұйымдастыру 2015 жылдан бері «Атамекен» ҰКП-на жүктелген. 
Өткен жылы облыста  байқау аясында 50-ден астам  кәсіпкерлер өздерінің жергілікті өнімдерін халыққа ұсынды. Оның ішінде, жоғарыда атап өткеніміздей 17 кәсіпкерлік субъектісі байқауға қатысты. 
 Өткен жылдың жеңімпаздары: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Кемикал» ЖШС, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша «ЖК Курбанбаев», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша «Сыр Маржаны» ЖШС жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар, осы 3 номинация бойынша 1,2,3-орынға ие болған   9 кәсіпкер Астана қаласында орталық «Көрме» павильонында өз өнімдерін қойды. Байқауға барлық аймақтан 144 кәсіпкерлер қатысып, өздерінің жергілікті өнімдерін сол Көрмеде қойып, халықтың алдында ұсынды.
Байқаудың қорытынысы бойынша Қызылорда облысынан «Сыр Маржаны» ЖШС «Атамекен»ҰКП-ның «Іскер» номинациясына ие болды.
ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына үш компания: «Қазгермұнай» ЖШС, «Сыр Маржаны» ЖШС, «Нұрай» ЖШС. «Қазгермұнай» ЖШС басшысы Медет Кәрім «Атамекен» ҰКП-ның «Ісіне адалды үшін» медаліне ие болды.

Қызылорда облысы 
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 маусым 2017 г. 526 0