Рәміздер күніне құрмет

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толуы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына байланысты,  «Рәміздер - елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты  кітап көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аталған шарада Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры тарих  ғылымдарының докторы Сәтбай Тастанбек Яхияұлы қатысып, рәміздердің тарихымен ерекшеліктеріне тоқталып өттті.
Қызылорда темір жол учаскесі мен станциясы әскери қатынастар комендатурасы әскери комендантының аға көмекшісі аға лейтенант Жақсылық Ердаулет  Нұрланұлы әскери қызметшілер атынан мерекеге  орай баяндама оқыды. 
Сонымен қатар, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері Жұмабеков Нұртілек пен Жұматов Қанат "Рәміздерден елдігімді көресің", "Көз алдымда желбіресін Көк байрақ!" тақырыптарында өлең оқыды.
Мерекелік кештің соңында патриоттық әндер шырқалып, оқырмандар кітап көрмесімен танысты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 маусым 2017 г. 590 0