
Мадриттік «Реалдың» президенті Флорентино Перес командасының жеңісінен кейін Зинедин Зидан, Криштиану Роналду туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Лента.руға сілтеме жасаған http://www.inform.kz.
«Зидан «Реалды» өмірінің соңына дейін жаттықтырса болады. Біздің әрбір фанатымыз оған риза. Зидан небәрі 17 ай ғана жұмыс істеп, өзінің қарым-қабілетінің деңгейін көрсетті. Криштиану Роналду туралы айтар болса, ол «Алтын допты» бесінші мәрте жеңіп алды. Роналду бұл атаққа лайықты», - деді Перес. Айта кетейік, «Реал» испандық футбол клубы италиялық «Ювентусты» Чемпиондар лигасының финалдық матчында 4:1 есебімен ұтып, екінші мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған болатын.