
Қытайдың «Тянь-Шань» кино студиясы көшпенді қазақ өмірінің бүгінгі бет-бейнесін арқау еткен көркем «малшы рухы» атты фильм түсіруды қолға алды, деп хабарлайды Baq.kz.
Қытайдың «тәңіртау» сайтындағы хабарлауында, түсірілім жақында Шынжаңның Мори Қазақ автономиялы ауданында басталған. «Малшы рухы» деп аталатын бұл фильмде Құмар және Қадиша есімді малшы отбасының тұрмыс-тіршілгі арқылы көшпелі мәдениеттің қазіргі көрінісі, дала табиғаты түсірілмек.
«Біз көшпелі өмірдің қазіргі бейнесін суреттейміз. Фильм халықаралық деңгейде насихатталып, «Бір белдеу, бір жол» жобасы арқылы ежелгі Жібек жолы бойындағы елдерге көрсетілетін болады. Бұнда біздің ең үздік шығармашылық топ жұмыс жасайды», - дейді «Тянь-Шань» кино студиясының басшысы Гау Хауаңгаң.