«Көкнәр-2017» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

«Көкнәр-2017» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталдыЗаңсыз есірткі айналымының жолын кесуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің үнемі назарында тұрған мәселе. Соңғы кездері Жамбыл облысының Шу алқабы жабайы сора өсімдігінің таралу аумағына айналса, сора өсімдігін егіп-өсірудің үрдісі Қызылорда облысында айқын көрініп тұр.
Ең алдымен, бұл жыл сайын республика көлемінде өткізілетін «Көкнәр» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында қабылданған алдын алу шараларына байланысты. Бұл жағдайда оңтүстік аумақтарға аса басымдық жасалады.
Нәтижесінде құқық қорғау органдары марихуана егіп-өсіруден заңсыз заттектер алу жолдарын жан-жақты зерделеп, Шу алқабына ұқсас климаттық жағдайы қолайлы аумақтарды игеруде.
Жоғарыда аталған үрдістерді ескере отырып Премьер-министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтің және Ішкі істер министрі Қ.Қасымовпен құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді егіп-өсірудің алдын алуға бағытталған бірлескен жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу жайлы Жоспар бекітілді. Аталған жоспар Қызылорда облысы және соған іргелес жатқан өңірлерде жүйелі әрі көпбағытты жұмысты ұйымдастыруға бағытталған. Осыған орай, аталған шараға тек құқық қорғау органдары ғана емес, сонымен қатар Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құзырлы қызмет салалары жұмылдырылады.
Іс-шараның нәтижелігін арттыру мақсатында, оның ішінде сора өсімдігін егетін және оларды егуге қолайлы аумақтарды анықтау бағытында алдын алу шараларын қамтамасыз етуге жергілікті атқарушы органдардың құзырындағы орман шаруашылығы, жерді пайдалану, қорықшы қызметі, аңшы алқаптары қызметкерлері жұмылдырылды.
Осыған сәйкес, олардың басты міндеті – бақылауындағы аумақтардағы марихуана егуге арналып заңға қайшы қолданылып жатырған жерлерді үнемі бақылап отыру болып табылады. Осындай деректерді анықтаған жағдайда дереу түрде ішкі істер органдарына хабарлау бағытында да шаралар қабылдануда. Жоспарланған іс-шаралардың нәтижелілігін жоғарылату мақсатында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінде «Дельта-Сырдария» бөлімшесі құрылды.
«Көкнәр – 2017» жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезіндегі оның басты мақсаты құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді анықтау, осындай деректерге қатысты келіп түскен хабарламаларға дереу түрде ден қойып, барлық құзырлы қызмет салаларымен осы бағыттағы жұмысты үйлестіру болып табылады.
Аталған құрылымның жұмыс сапасын жоғарылату мақсатында осында ай сайын басқа облыстардағы Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының, Ұлттық Ұланның «Бүркіт» арнайы жасағы қызметкерлері іссапармен жіберілетін болады.
Жеке құрамды орналастыру үшін арнайы ғимарат бөлінуі, қажетті тұрмыстық жағдай қалыптастырып, автокөлік және жүріп өту мүмкіндігі жоғары техникалармен жарақтандыруы қамтамасыз етілуде. Бұдан бөлек, заңсыз есірткі алқаптарын анықтау үшін Ұлттық Ұланның тікұшақтары қолданылатын болады.
Осы және басқа да мәселелер Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты Марат Ғанұлы Демеуовтің төрағалығымен, Облыс әкімінің орынбасары Серік Жүсіпұлы Сүлейменовтің, ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің бастығы әділет генерал-майоры Сұлтан Тұрлыұлы Құсетовтің, әкімдіктің және басқа да құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен бүгін, 2017 жылғы 2 маусымда Қызылорда облысы әкімдігінде өткен жиын барысында қаралды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 маусым 2017 г. 640 0