
«Жол беру» — жол жүру ережесінің талабы, жол жүруге қатысушы жол жүруді бастауға, жол жүруді жалғастыруға немесе жүзеге асыруға, егер бұл басқа жол қозғалысын жасаушыларға кедергі келтірмейтін болса, қандай да бір маневр жасауға, қозғалыс артықшылығын, жылдамдығын немесе бағытын өзгертуге тиісті емес.
Қызылорда қаласында «Өрт сөндірушіге жол бер» атты профилактикалық операция өткізілді. Қызылорда қаласы ТЖБ, ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ, Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері Қызылорда облысы ІІД жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, маягы мен дыбыстық сиренасы қосылған өрт сөндіру автокөлігіне жол бермеген жүргізушілерді анықтау мақсатында рейд өткізді.
Орта есеппен 101-нөміріне қоңырау түскеннен кейін кезекші өрт күзетіне өрт оқиғасы орнына қала ішінде 5-9 минут шамасында жетуге міндетті. Бұл кезде әрбір секунд қымбат. Алайда, кейде қала көшелеріндегі жүктемелер, әсіресе қарбалас кезеңде мүмкіндік бере бермейді де, өрт сөндіру бөлімдері бағалы уақытын жоғалтып жатады.
Кез-келген көлік жүргізушісі маягы мен дыбыстық сиренасы қосылған өрт сөндіру автокөлігін көрісімен оған жол беруге міндетті.
«Өрт сөндірушіге жол бер» операциясы екі сағаттан аса уақытқа созылды. Арнайы дабылы қосылған №12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөлігі берілген тапсырма бойынша қозғалысы қарбаласып жатқан Мостовая, Тәуелсіздік, Ғ.Мұратбаев көшелеріне жолға шықты. Өрт сөндіру автокөлігінің ізінен Жергілікті полиция қызметі экипажы да қоса жүріп отырды. Егер көлік жүргізушісі жол бермеген жағдайда жергілікті полиция қызметкерлері жол ережесін бұзушыны тоқтатып, хаттама толтырады.
Өткізілген рейд барысында қаланың барлық көлік жүргізушілері арнайы автокөлікке жол берді. Өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушілері кейде нақты оқиға болған жағдайда, көмекке асығып бара жатқанда жолдағы мәселе «Өрт сөндірушіге жол бер» атты профилактикалық операциясы кезінен күрделірек болуы мүмкін дейді.
Бұл мәселенің екінші моральдық жағы да бар. Өкінішке орай жолда өрт сөндіру автокөлігіне жол бермеген көлік жүргізушілері сөндіру қызметі өмірін, меншігін, материалдық құндылығын құтқаруға асығып бара жатқан, қасіретті адамның орнында әр қайсысымыздың да болуымыз мүмкін екенін ескере бермейді.
Айгүл Нұрманова, Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы