Кәсіпкер балаларға ойын-сауық орталығын сыйға тартты

Кәсіпкер балаларға ойын-сауық орталығын сыйға тарттыҚазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде балаларға арналған ойын-сауық орталығы пайдалануға берілді, деп хабарлады ҚазАқпарат аудандық әкімдікке сілтеме жасап.
Заман талабына сай орталық ашуды жергілікті жеке кәсіпкер Қаржаубай Өтегенов қолға алған. Түрлі ойын-сауық аттракциондарымен жабдықталған орталық жылдың барлық мезгілінде жұмыс жасамақ.
Ашылу салтанатына қатысқан Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары Қ.Орынбасаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекпанов балғындарды 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі.

 

 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 маусым 2017 г. 591 0