Балаларды қорғау күніне орай «Ашық есік» күні

Балаларды қорғау күніне орай «Ашық есік» күні1 маусым күні бүкіл әлем бойынша жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күні болып табылады. Бұл атау әрбір баланың балалық шағын қорғауға байланысты - жас ұрпақтың құқықтары, өмірі мен денсаулығын қорғау.
Халықаралық балаларды қорғау күні көптеген мектептер мен балабақшаларда дәстүрлі іс-шаралар өткізіледі. Балаларға түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады, концерттер өтеді, балалар сыйлықтар мен тосын сый дайындалған іс-шараларға қатысады. Көптеген қалаларда асфальтқа сурет салу жарыстар ұйымдастырылады.
2017 жылдың 31 мамырында Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары Халықаралық балаларды қорғау күні мереке қарсаңында «Ашық есік» күнін өткізді. Бұл іс-шараға жасақ құтқарушыларының балалары шақырылды. Балаларға арнап көрме ұйымдастырылды, көрмеде мекеме ғимараты, авариялық – құтқару автокөліктері және жоғары жүргішті техникалар, арнайы құтқару құралдары мен жабдықтарын таныстырды. Сонымен қатар балаларға кезекші диспетчердің іс-қимылы, құтқарушылардың кәсіби даярлықтарын қалай жетілдіретінін, жасақ кинологтары балаларға іздестіру иттерімен өздерінің жұмыстарын көрсетті.
Экскурсия соңында кішкентай балалар құтқарушылардан шақыруларға шыққанда автокөліктің дабылын қосуын сұрады, және балалық жастарына қарамастан төтенше жағдай орын алған жағдайда «112» нөмеріне хабарлау керек деп дұрыс жауап берді. Содан кейін құтқарушылар балаларға балмұздақ таратып, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып Сырдария өзенінде қайықпен серуендетті.
Іс-шара соңында балалар арасында асфальт бетіне сурет салу конкурсы ұйымдастырылды, қорытындысында жеңімпаздарға мадақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді. Барлық балалардың қуанышында шек жоқ, қуанышты көңіл күймен қайтты.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 маусым 2017 г. 861 0