Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің

Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай орталық алаңда балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі болды.
Шараның мақсаты - "Мәңгілік ел" жалпыұлттық идеясын іске асыру жағдайында өскелең ұрпаққа салтанатты және көше-фестивальды шеруі арқылы эстетикалық және патриоттық тәрбие беру. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған шараға республиканың барлық білім беру ұйымы қатысуда. Қызылордадағы шеруге 3 мыңнан астам бала қамтылды. Аймақтың түкпір-түкпірінен жиналған олар қаланың үш бағытындағы көшелердің бойымен ән салып, музыкалық композициялар орындап орталық алаңға жиналды.
Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов алғаш рет ұйымдастырылған шеруді республиканың мәдени өміріндегі бірегей оқиға деп, қатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтады. Шеруге қатысқан балалар көтеріңкі көңіл-күймен тарқады. Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің
Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің
Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 маусым 2017 г. 822 0