Қызылорда облысының кәмелеке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 2016 жылдың 12 айында әр түрлі санаттағы 35 қылмыстық іс қаралып аяқталды. Осы қаралып аяқталған қылмыстық істердің 5-ы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 124 бабының 1 бөлігімен яғни, «Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау» , ал 3-і Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 12 бабының 1 бөлігімен яғни, «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» әрекетімен жасалған қылмыстар. Ал 2015 жылы бұл қылмыстармен 9 іс қарлаған, былтырғы жылмен салыстырғанда азайғанын көруге болады. Бұл жасалған жұмыстың нәтижесі деп білуге болады. 2017 жылдың 3 айында 12 қылмыстық іс түскен, оның 2-і жоғарыда атлаған баптармен түскен, қазіргі таңда қаралу барысында. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 124 бабының 1 бөлігімен қаралған 5 іс боынша сотталушылар кінәлі деп танылып, педагогикалык лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 7 (жеті) жылға айыра отырып, 6 (алты) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 122 бабының 1 бөлігімен қаралған 3 іс боынша сотталушылар кінәлі деп танылып, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Жеке адамға қарсы қылмыстар негізгі адамның жеке игілігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды бұзумен қауіпті. Бұл қылмыстар әрқашан жеке игіліктерге нұқсан келтіруге бағытталған. Негізгі қылмысқа бағытталған объектіні орнату оны басқа жеке адамға қарсы қылмыстарды басқа қылмыстардан ажыратуға мүмкіндік береді. Обьект- адам өмірі, денсаулығы, бостандығы, абыройы сияқты жеке адамның игіліктері болып табылады. Яғни бұл жерде жыныстық бостандық та бұл обьектіге тікелей қатысты. Сондықтан мұндай қылмыстар елімізде белең алмас үшін - телеарналар арқылы арнайы роликтер түсіріліп, олар арнайы жұмыс орындарында, мектептерде, коледждер мен университеттерде көрсетілсе, осындай қылмыстың алдын алуға мүмкіндік болар деген ойдамын.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман сот отырысының хатшысы Е.Ардабаева.