Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Ғылым қоры» Акционерлік Қоғамының президенті Әнуарбек Сұлтанғазин мен «Ғылым қоры» Акционерлік Қоғамының Жобалық дирекциясының директоры Құрманғазы Омаров кәсіпкерлермен кездесіп, өңірдегі ғалымдар мен бизнес өкілдері үшін оқыту семинарын өткізді.
Кездесу барысында Қор өкілдері ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруға гранттарды алудың тетігі мен қағидаларын түсіндіріп берді.
«Ғылым қоры» Акционерлік Қоғамы ғылыми – техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялық пайдалануды ынталандыру үшін құрылған ұйым.
Айта кету керек, 2017 жылдың 23 мамырдағы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті атынан «Ғылым қоры» АҚ ҒҒТҚН-н коммерцияландыру жобаларын, гранттық қаржыландыруға конкурс жариялады. Өтінімді қабылдау ағымдағы жылдың 12 маусымнан 26 шілдесіне дейін жүзеге асырылады.
Конкурс барысында 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасына және 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқынаарнаған Жолдауында айтылған басым секторларының шеңберінде коммерцияландыру бойынша жобалар қолдау табады.
Конкурсқа қажетті құжаттама тізімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің www.sc.edu.gov.kz және Қордың www.science-fund.kz сайттарында орналасқан.
Жауапты маман: Омаров Құрманғазы Құралұлы, Жобалық дирекциясының директоры, тел.: 8-7172-76-85-78, 8-701-3782807, e-mail: info@science-fund.kz.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі