ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

  ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ  Санк-Петербург қаласында 26-31 мамар аралығында өткізілген мүмкіндігі шектеулі балалардың Х «Шаг Навстречу» шығармашылық фестивалінде өнер көрсеткен  №6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы    мектеп-интернатының оқушылары Сағи Мұхаммед, Айдана Оралбай, Еркеұлан Қуандық, Мадина Әбеновалар  фестивальге қатысушылар арасынан үздік шықты.
    Фестивальге Қазақстанның атынан қатысқан 4 оқушымыз  да 1 дәрежелі диплом иегерлері атанды.
    Ыммен ән айту номинациясында  Сағи Мұхаммед (16 жастан жоғары), Айдана Оралбай (13 жасқа дейінгі), Еркеұлан Қуандық (13-16 жас аралығында) жас ерекшеліктері бойынша І орындарды иеленсе, аспапта ойнау номинациясында домбырамен халық күйі «Кеңес» және Дәулеткерейдің  «Қосалқасын» төгілткен Мәдина Әбенова де  І орынды биігінен көрінді.  
    Бекзат АМАНОВ
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 маусым 2017 г. 551 0