Шиеліде демография жақсарып келеді

Шиеліде демография жақсарып келеді   Шиелі. Ауданда демография жоғары көрсеткішке ие болып отыр. Жылдан-жылға оның деңгейі көтеріліп келеді.
   Өткен жылы ауданда 1793 адам дүниеге келсе, әр түрлі жағдаймен 373 азамат өмірден өтіпті. Табиғи өсім - 1420. Ал, аумақта 645 неке тіркелсе, ажырасқандар саны 120 отбасыны құраған. Халық санының өзгеруіне келсек, 2012 жылы 78,2 мың болса, ал 2013 жылы 79,4 мыңды құрады, Облысты өсу қарқыны бойынша  аудан алғашқы тұр.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қаңтар 2014 г. 856 0