
Қызылорда локомотив депосының мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастырумен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық форум аясында Қызылорда бөлімшесінің теміржолшыларымен бейбітшілік сабақтарын өткізуде кездесу өтті. Келелі жиынның модераторы «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева болды.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер, жергілікті ғалымдар және «Қазақстан теміржолшысы» газетінің БАҚ өкілдері қатысты.
Жұмыс бастар алдында қатысушылар жаппай ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Кезекпен сөз кезегін алған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, жетекші журналистер Клубының төрағасы, «Огни Алатау» облыстық газеттінің бас редакторы Идигов Атсалим Саламович, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мем. Университетің кафедра меңгерушісі, доцент, филилогия ғылымдарының кандидаты Тұяқбаев Ғабит Анешұлы, «Понтос » грек этномәдени бірлестігінің басқарушы Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Касапиди Деспина Ивановна кездесудің маңызы мен мақсатына, Қазақстан үшін бұл күннің ерекше сипатқа ие екендігін тарихта із қалдырған осы оқиғаны сақтап, келешек ұрпаққа тарихи тәжірибені жеткізуде өз ойларын ортаға салды .Сонымен қатар ҚРМемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың қатысуымен өтетін ғылыми-тәжірибелік конференция, қайырымдылық, теңдессіз сый акцияларды айта келе, өздерінің пікірлерін бөлісті. Кездесу барысында сырбойылық теміржолшыларда аймағымызға келіп, іс-шарамызға қатысып, тұщымды ойларымен бөліскен қонақтарға өз алғыстарын білдірді.