Әділет органдары велошеруге қатысты

Әділет органдары велошеруге қатыстыҮстіміздегі жылдың 30 мамыр күні Арал өңірінің тұрақты дамуы жөніндегі «Арал - 2017» форумы аясында қала көшелерімен велошеру өтті. Аталған шараға Қызылорда облысының Әділет органдарынан 100 ден астам қызметкерлер белсене қатысты. Велошеру Тәуелсіздік даңғылының басынан басталып, Евразия спорт кешені арқылы Желтоқсан көшесіне түсіп, орталық алаңдағы мәреден аяқталды. Сондай-ақ, орталық алаңда «Аралым – айдын шалқарым» атты концерт ұйымдастырылып, көпшіліктің көңілін көтерді.
Айта кетейік, велошеру жарысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты, бұқаралық спорт түрлерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау, облысымыздың тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту және қолжетімді велосипед спортымен шұғылдануға қызығушылығын арттыру.
Әділет органдары велошеруге қатысты
Әділет органдары велошеруге қатысты
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 мамыр 2017 г. 584 0