«АЛЖИР» фильмінің көрсетілімі болды

«АЛЖИР» фильмінің көрсетілімі болды«Жібек жолы» кинозалында жаппай саяси қуғын-сүргін басталғанының 80 жылдығына орай «АЛЖИР» фильмінің көрсетілімі өтті. Оған халықаралық форумның 100-ден астам делегаттары мен облыстағы этномәдени бірлестіктің жетекшілері, белсенділері қатысты.
Өздеріңізге белгілі, «АЛЖИР» көркем фильмінің көрсетілімі үстіміздегі жылдың 7 мамырынан бастап Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды қалаларында «Қазақстан» Ұлттық телерадиокорпорациясының тапсырысымен түсірілген болатын. Кино туындыда «халық жауы» атанған ел жайсаңдарының жұбайлары мен балаларының «АЛЖИР» лагерінде ажалмен арпалысып өткен өмірі, тауқыметті тағдыры баяндалады. Фильмнің бас кейіпкерлерінің бірі, Света есімді бойжеткен әжесінің соңғы аманатын орындау үшін, Ресейден Астанаға аттанады. Оның қолында, әжесінің осы лагерьде басынан өткізген оқиғалары жайлы жазылған ескі күнделігі сақталған. Светаның мақсаты – қылышынан қан тамған сұрапыл «қызыл террор» жылдары анасы мен әжесін аштық пен ажалдан, қиын жағдайға қарамастан, қорықпай аман алып қалған Әлихан есімді қазақ жауынгерін іздеп табу. Ол кісі бүгінгі күні жасы тоқсаннан асқан ауыл ақсақалы. Света мен қарт Әлихан бүкіл фильм бойы азапта өткен сонау сұрапыл жылдарды еске алып, қайтадан сол кездерге оралғандай болады. Саяси қуғын-сүргіннің 80 жылдығына орай түсірілген фильмнің қоюшы-режиссері Әнуар Райбаев.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 мамыр 2017 г. 689 0