
Қызылорда облыстық сотында облыстық соттың судьялары судья лауазымына үміткерлерге қойылатын талаптарды түсіндіру мақсатында сот жүйесінде қызмет атқаратын мамандармен кездесті.
Кездесуді облыстық соттың судьялары Шолпан Маликова мен Клара Қаниева жүргізді.
Жиынның маңыздылығы сот мамандарының біліктілік емтихандарын тапсыру, судья лауазымына орналасуға ынталандыру және қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Облыстық соттың судьясы Клара Қаниева судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптардың қатаңдатылғанын айтты. Сонымен бірге, болашақ судьялыққа үміткерлерге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға түсу немесе судьялық лауазымға біліктілік емтиханын тапсыру қажеттігін әңгімеледі.
Ал, Шолпан Маликова «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 17-ші қадамында судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтуі көзделгенін, үміткерлердің лауазымдары сақтала отырып, өзінің басты жұмыс орнынан босатылып тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берілетін жеткізді. Сондай-ақ, тағылымдамадан өтушіге бір жылдық өтілімі бар аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының лауазымдық жалақысының 70 пайыз мөлшерінде еңбекақы төленетін айтып өтті.
Шара барысында мемлекет тарапынан судья болам деушілерге бар жағдай жасалып отырғаны, сот жүйесінің қызметкерлеріне артықшылықтар бар екені айтылды.
Кездесуде облыстық соттың судьясы Шолпан Маликова «судьялар мен судьялыққа үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар білімнің жоғары деңгейі, моральдық-адамгершілік қасиеттер және жеке басының қадір-қасиеті», - дей келе, сот мамандарына судья болудың қыр-сырын айтып, тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шара соңында облыстық сот судьялары сот мамандарының қызықтырған сұрақтарына жауап берді.