Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Қайырымдылық жәрмеңкесі өттіҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкені әйелдер-қыздар секторының облыстық бөлімі өткізді.
Қайырымдылық жәрмеңкесінде орталық мешіттің шәкірт қыздары өз қолдарымен пісірген өнімдерін, басқа да бұйымдарын саудалап, одан түскен қаржы мұқтаж жандар үшін пайдалануда.
Жалпы, мұндай қайырымдылық шаралары, жәрмеңкелер облыстық әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен тұрақты өткізіліп тұрады.
Әйелдер-қыздар секторының облыстағы жетекшісі Файзуллина Маралдың бастамасымен бірқатар шаралар бір жүйеге түсіп, әйел жамағаты белсенділігі артып келеді.
 
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметіҚайырымдылық жәрмеңкесі өтті

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 мамыр 2017 г. 460 0